«Үндістан-Орталық Азия» диалогы Сыртқы істер министрлерінің кездесуі

    2021 жылғы 19 декабрьде Дели қаласында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов «Үндістан-Орталық Азия» диалогы Сыртқы саясат кеңселері басшыларының үшінші жиналысына қатысты.

    Кездесуде Үндістан мен Орталық Азия мемлекеттері ортасындағы саясат, экономикалық, цифрлық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. Аймақтық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы, қауіп-қатер мен бірлесіп қарсы тұру шаралары туралы пікір алмасты.

    Министр Абулазиз Камилов өз сөзінде «Үндістан — Орталық Азия» форматтағы өзара ынтымақтастық әлеуетінен толық пайдалану, екі аумақтың өзара байланыстарын нығайтудың, сондай-ақ, тұрақты сауда-экономикалық және транспорт-коммуникация байланыстарын қалыптастырудың, өнімдерді Үндістан және Орталық Азия базарлырына алып кіру үшін “жасыл жолақ” ұйымдастырудың, IT мамандары үшін платформа құрудың маңыздылығын атап өтті.

    Аймақтық даму бойынша ұсыныстарды даярлау мақсатында диалогқа жыл сайын қатысушы елдердің әрқайсысында іс-шараларды өткізетін «Үндістан мен Орталық Азиядағы талдау орталықтар форумы» талдау платформасын құру ұсынылды.

    Ауғанстандағы жағдайға ерекше назар аударылды. Бұл мемлекеттің халықаралық оқшаулануына жол бермеу үшін соғыстан кейінгі стратегияны даярлау қажеттігі айтылды.

    Панельдік сессиялар аясында Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету және елдің әлеуметтік-экономикалық қалпына келуіне ықпал ету мәселелері талқыланды.

    Шара соңында Біріккен мәлімдеме қабылданды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.