Қазылар алқасының қорытындысына орай,
3-орынды (ансамбль ұжымы) «Қытайдың Шинжан» көркем театрының «Мақам» көркем тобы мен (жеке орындаушы) — Үндістаннан Али Амжад Хон иелеп, арнайы жүлдені, сондай-ақ 5000 АҚШ доллар сыйлықты алды.
2-орынды (ансамбль ұжымы) – Өзбекстан Мақам орталығы Жызақ аумақтық бөлімі мақам ансамблі және (жеке ордаушы) – Түркияның Чидем Гурдал иелеп, 7 000 АҚШ долларын жеңіп алды,
1-орынды (ансамбль ұжымы) – Өзбекстан – Өзбек ұлттық мақам өнері орталығы Юнус Раджаби атындағы мақом әншілері ансабль және (жеке орындаушы) – Тәжікстан – Тәжікстан ұлттық консерваториясы тобының солисті Хуршид Ирохимзадеге нәсіп етіп, оларға арнайы жүлде және 10 мың АҚШ доллары сыйлығы тапсырылды.
Конференцияның бас жүлдесі – Гран-при Иранның «Форс» ансамблінің солисті Али Асғар Арабшахиге берілді. Ирандық әнші 15 мың АҚШ доллары тапсырылды.
Сондай-ақ, конференцмя аясында белсенді орындаушүыларды қолдап-қуаттау және ынталандыру мақсатында құрылған «Ең үздік мақам әнші», «Ең үздік мақам сазгері», «Ең үздік мақам ұстазы», «Ең үздік мақам насихаттаушы», «Ең үздік жас мақамшы», «Ең үздік мақам композиторы», сияқты аталымдар бойынша қатысушылар Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен Жызақ облысы әкімдігінің ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Жеңімпаздарды Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков пен Жызақ облысының әкімі Эргаш Солиев марапаттады.
Бұл ретте, конференцияның әрбір қатысушысына «Халықаралық мақам өнері конференциясының қатысушысы» сертификаты табыс етілді.
Фархад Нематов,
«Янги Узбекистон» тілшісі.