Әлеуметтік қорғау қорының қаржылары қайда бағытталады?

    Министрлер Кабинетінің 2023 жылғы 28 декабріндегі 687-санды қаулысымен Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігі жанындағы Әлеуметтік қорғау мемлекеттік қоры туралы Ереже бекітілді.

    Президентінің 2023 жылғы 1 июніндегі ПҚ-82-санды қаулысымен Әлеуметтік қорғау мемлекеттік қорының жанынан Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігі құрылған.

    Қор қаржыларын жұмсаудың негізгі бағыттары:

    «Муруват» және «Сахават» интернат-үйлерінде, қарттарға, мүгедектігі болған тұлғаларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған санаторий және пансионаттарда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

    тұрғындарды протездік-ортопедиялық бұйымдармен және реаблитация техникалық құралдарымен қамтамасыз ету;

    мүгедектігі болған тұлғаларды жеңілдетілген және тегін стационарлық емдеуді қамтамасыз ету;

    мүгедектерді оқыту, дидактикалық және тағы басқа да баламалы материалдармен қамтамасыз ету;

    жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету;

    балалар үйлері мен «Мехрибандық» үйлерінің қызметін ұйымдастыру және жетілдіру;

    кәмелетке толмаған балаларды әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қызметтерін қаржыландыру және т.б.

    Құжатта Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің жанынан «Ақпараттық технологиялары орталығы» мемлекеттік мекемесін құру да қарастырылған. Орталықта төмендегі міндеттер жүктелген:

    ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу;

    серверлерге, компьютерлік техникаға және телекоммуникация желілеріне техникалық қызмет көрсету;

    Агенттік жүйесіне заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу;

    «Саll-марказ» қызметін ұйымдастыру.

    Құжатпен төмендегілер бекітілген:

    Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігі жанындағы Әлеуметтік қорғау мемлекеттік қоры туралы Ереже;

    қордың атқарушы дирекциясының құрылымы.

    Құжат заң құжаттары ақпараттарының Ұлттық базасында мемлекеттік тілде жарияланған және 2023 жылғы 29 декабрінен күшіне енді, деп хабарлайды «Norma».

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates