Президентінің 2023 жылғы 1 июніндегі  ПҚ-82-санды қаулысымен Әлеуметтік қорғау мемлекеттік қорының жанынан Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігі құрылған.

Қор қаржыларын жұмсаудың негізгі бағыттары:

 «Муруват» және «Сахават» интернат-үйлерінде, қарттарға, мүгедектігі болған тұлғаларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған санаторий және пансионаттарда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

тұрғындарды протездік-ортопедиялық бұйымдармен және реаблитация техникалық құралдарымен қамтамасыз ету;

мүгедектігі болған тұлғаларды жеңілдетілген және тегін стационарлық емдеуді қамтамасыз ету;

мүгедектерді оқыту, дидактикалық және тағы басқа да баламалы материалдармен қамтамасыз ету;

жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету;

балалар үйлері мен «Мехрибандық» үйлерінің қызметін ұйымдастыру және жетілдіру;

кәмелетке толмаған балаларды әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қызметтерін қаржыландыру және т.б.

Құжатта Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің жанынан «Ақпараттық технологиялары орталығы» мемлекеттік мекемесін құру да қарастырылған. Орталықта төмендегі міндеттер жүктелген:

ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу;

серверлерге, компьютерлік техникаға және телекоммуникация желілеріне техникалық қызмет көрсету;

Агенттік жүйесіне заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу;

«Саll-марказ» қызметін ұйымдастыру.

Құжатпен төмендегілер бекітілген:

Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігі жанындағы  Әлеуметтік қорғау мемлекеттік қоры туралы Ереже;

қордың атқарушы дирекциясының құрылымы.

Құжат заң құжаттары ақпараттарының Ұлттық базасында мемлекеттік тілде жарияланған және 2023 жылғы 29 декабрінен күшіне енді, деп хабарлайды «Norma».