Импорттың орнын басатын өнім өндірудің маңызы зор

    Ел назарында 1 Dekabr 2021 2351

    Ташкент облысының Шыршық қаласында Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі (ИССМ) тарапынан қалалық әкімдік пен Алмалық кен-металлургия комбинатының қолдауымен ұйымдастырылған кезекті «Аймақтық салааралық өнеркәсіп жәрмеңкесі» өтті.

    Шараға Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі, Шыршық қаласы әкімдігінің басшылығы, сондай-ақ жергілікті тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер қатысты.

    Жәрмеңкеде металлургия, химия, электр энергетикасы, электртехника, машинажасау, құрылыс материалдары және ауыл шаруашылығы техникаларын жасау, сондай-ақ басқа да салаларда жұмыс істейтін 1000-ға жуық кәсіпорын шығарған 4,4 мыңнан астам өнім түрі қойылды.

    Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және қосымша құн тізбегін құру, жергілікті кәсіпорындардың өнімдерінің кең түрдегі өнімдерін насхаттау, сондай-ақ түрлі саладағы бизнес өкілдері арасында тікелей байланыс орнату мақсатында ұйымдастырылды.

    Жәрмеңке аясында Өзбекстанда өндірілген импорт орнын басатын өнімдер қойылып, келешегі зор инвестициялық жобалардың тұсаукесері өтті.

    Шара соңында Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігіне қарасты «Электрондық ынтымақтастық порталы» арқылы 666 миллиард сумнан астам 596 ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Сонымен қатар, импорт орнын басатын өнім шығаруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша 179 келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ИССМ-нің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates