Президент Жаңа Ташкенттегі инфрақұрылым және алғашқы жобалармен танысты

    Мемлекет басшысы Жаңа Ташкент қаласындағы көлік инфрақұрылымы мен инженерлік желілердің құрылысымен танысты.

    Белгілі болғандай, жаңа қала 1 миллион адамға арналған. Оның инфрақұрылымы ұзақ мерзімді және заман талабына сай болуы қажет. Осыған байланысты қазіргі уақытта үлкен көлемде жер асты инженерлік жұмыстар атқарылып, ауқымды құрылысқа негіз қалануда.

    Қала инфрақұрылымы, тұрмысы және экологиясы үйлесімді болады. Мәселен, экологиялық көлік жүйесі құрылады. Метро мен электробустардың қозғалысы үйлесімді ұйымдастырылады. Көлік қозғалысы үшін 14 тоннель мен 100 мың автокөлікке арналған жерасты тұрағы салынады. Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін қауіпсіз және кедергісіз қозғалысқа барынша жағдай жасалады.

    Қазіргі уақытта болашақта пайдаланылатын жол айрықтарының бірінде бағаналарға іргетас құю және гидроизоляциялау жұмыстары жүргізілуде. Президент осы жұмыстардың барысымен танысып, құрылыс барысында сапасы жоғары және сыртқы әсерлерге төзімді материалдарды қолдану жөнінде ұсыныстар берді.

    Сонымен қатар, қазірде бір және екі секциялы инженерлік коллекторлардың құрылысы басталған. Олар арқылы орталықтандырылған жылу және су құбырлары, электр энергиясы мен телекоммуникация желілері жер астынан жүргізіледі.

    Қалада заманауи урбанизация талаптарына сәйкес «ақылды» технологиялар қолданылады. Елде алғаш рет «үш генерация» станциясы салынады. Тұрмыстық сарқынды сулар заманауи технологиялар негізінде қайта өңделіп, суару және техникалық мақсаттар үшін пайдаланылады.

    Мемлекет басшысына Жаңа Ташкенттің бірінші кезеңінде қарастырылған жобалар туралы ақпарат берілді. Аукцион арқылы сатылған жер учаскелерінің жеңімпаздары өздерінің инвестициялық жобаларын ұсынды.

    Қалаға көптеген жергілікті және шетелдік инвесторлар қызығушылық танытуда. Атап айтқанда, бірінші кезеңде құны 490 миллион АҚШ долларын құрайтын көпфункционалды 11 кешен, қонақүйлер мен мейрамханалардың құрылысы басталды. Тұрғын үйлер, коммерциялық аймақтар және әлеуметтік мекемелер қала аймағының жандануына ықпал етеді. Қонақүйлер мен мейрамханалар ерекше дизайнымен әрі жоғары сапалы қызмет көрсетуімен туристерді қызықтырып, қаланы туризм орталығына айналдырады.

    Келесі жылы қаланың келесі кезеңдеріне арналған жер учаскелері біртіндеп ұсынылады. Әрбір кезеңде жаңа инвестициялық мүмкіндіктер мен жобалар ұсынылады. Бұл тек қаланың дамуына ғана емес, сонымен бірге көптеген жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті бизнесті қолдауға ықпал етеді.

    Жалпы, болашақта қалада инновациялық технологияларға негізделген, табысы жоғары 200 мың жұмыс орны құрылады. Бұл үшін жаңа технопарктер, IT-парк, білім беру және медицина кластерлері ұйымдастырылады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates