Инха университетінде Киберқауіпсіздік зертханасы ашылды

    Болашақ ұрпақ 12 Aprel 2022 1741

    Ташкент қаласындағы Инха университетінде Киберқауіпсіздік зертханасы өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатына университет ұжымы мен басшылығы, сондай-ақ «Киберқауіпсіздік орталығы» МУК директоры қатысты.

    Осы зертхана негізінде киберқауіпсіздік бойынша студенттерді оқыту және мамандарды даярлау, киберқауіпсіздік бойынша бірқатар іс жүзіндік жаттығулар ұйымдастыру, зертханада серіктестерді жұмылдыру арқылы курстар ұйымдастыру сияқты бастамалар қолға алынады.

    Шара барысында Ақпарат коммуникациялық технологияларды дамыту, киберқауіпсіздік мәселелері, университет студенттерінен талап етілетін дағдылар мен білімді меңгеру үшін жеткілікті жағдай жасау, бірлескен білім беру бастамаларын ұйымдастыру сияқты бірқатар үстем бағыттар белгіленді.

    Шара аясында Ташкент қаласындағы Инха университеті мен «Киберқауіпсіздік орталығы» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Ақпарат технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.