Инновациялық даму министрі «ACWA Power» компаниясының басшысымен кездесті

    Энергия 17 Noyabr 2022 1397

    Үстіміздегі жылдың 16 ноябрінде Өзбекстан Республикасының Инновациялық даму министрі Ибрахим Абдурахманов Сауд Арабиясының «ACWA Power» компаниясының басқарма төрағасы Мухаммад Абдулла Абунайянмен, компания өкілдері Хоссам Ахмед Хассанеинмен, Брайан Гарри Жинжеллмен Мажид Мубашар Ахмедпен және Алимардон Абдукаримовпен кездесу өткізді.

    Жиында «ACWA Power» компаниясының өкілдері компанияның бастамасымен Сырдария ауданында құрылып, бүгінде 4 сала бойынша 246 жасты білім беріп жатқан Ширин энергетикалық колледжінің («Shirin energy college») қызметінің тұсаукесерімен таныстырды.

    Сондай-ақ кездесуде компания Өзбекстанда баламалы энергия көздерін, әсіресе жел мен жасыл сутегін дамыту мақсатында Ширин энергетика колледжінде осы бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларын іске қосатыны айтылды.

    Компания өкілдері Ширин энергетика колледжімен, Жаңғыртылатын энергия көздері ұлттық ғылыми-зерттеу институтымен және Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің Ташкенттегі филиалымен бірлесе отырып, сутегі энергетикасы бойынша жүргізілетін зерттеулер мен жобалармен таныстырды.

    «ACWA Power» компаниясының басқарма төрағасы Мухаммад Абдулла Абунайян «Сутегімен жүретін автобус» пилоттық жобасы мен Ширин энергетика колледжінде оқитын, министрліктарапынан аумақтарда ұйымдастырылған «TechnoWays» марафонында 2-орын алған жас өнертапқыштың инновациялық энергетикалық жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

    Кездесу соңында тараптар сутегі энергетикасы бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге және жас өнертапқыштың инновациялық энергетикалық жобасын қаржыландыру мәселелерін зерделеп, оны бірлесіп жүзеге асыруға келісті, деп хабарлайды Инновациялық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates