Атап өткендей, «Адам ағзалары мен жасушаларының трансплантациясы туралы» Заңды жүзеге асыру бойынша «жол картасының» жүзеге асыруға байланысты белгілі жұмыстар жүргізілген.
Сондай-ақ, мәжілісте сенаторлар тарапынан Заңды жүзеге асырудың «жол картасында» көрсетілген кейбір тапсырмалардың орындалмай жатқаны да назарға алынды.
Атап айтқанда, аумақтарда донорлар мен реципиенттерді трансплантацияға дайындау және одан кейінгі емделуді бақылайтын жауапты тұлға мен медициналық психолог үшін жұмыс ставкасы бөлінбеген. Аумақтарда донорлар мен реципиенттерді трансплантацияға дайындау және одан кейінгі емделуі үшін қолданыстағы орындар аясында емдеу-орындары (кемінде 10) бюжет есебінен бөлу мәселесі шешілмеген.
Онкогематологиялық және емделуі қиын болған аурулармен ауыратын науқастарды сауықтыруға көмектесу қорының қаржылары есебінен арнайы практикалық кешені ғимаратының құрылысы мен жабдықталу істері аяқталмаған.
Сондай-ақ, жоғары медициналық оқу орындарының студенттеріне мәйіттермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін нақты шаралар қарастырылмаған.
Сондай-ақ адам ағзаларын трансплантациялау саласын жетілдіруге жауапты министрліктер мен кеңселер басшыларының ақпараты да тыңдалды. Сенаторлар саладағы бар өзекті мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстар айтты.
Мәжіліс соңында Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.