Бүгін Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықта «Адам құқықтарын қорғағаны үшін» төсбелгісін тапсыру рәсімі өткізілді, деп хабарлайды "Дунё" АА.
Сыйлық адам құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі, беймемлекеттік ұйымдардағы қызметі, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудағы қызметі, сондай-ақ білім беру және ақпараттық-насихаттау саласындағы қызметі үшін тапсырылды. Салтанатты шараны Ұлттық орталықтың директоры Акмал Саидов жүргізді.
Марапатталғандар:
I. Адам құқықтарын қорғау саласындағы практикалық қызметі үшін:
Мирбобоев Бахтиер Шамсутдинович – Өзбекстан Конституциялық сотының ардагері;
Сайидов Тошполат Давронович – «САЙИДОВ ТОШПОЛАТ ДАВРОНОВИЧ» адвакаттық бюроның басшысы;
Полатов Абдукамал Қадирович – Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасы Ұлттық орталығының ардагері.
II. Адам құқықтарын қорғау саласындағы беймемлекеттік ұйымдардың қызметі үшін:
«ВЕТЕРАН» ардагерлер мен мүгедектер бірлестігі;
«Даму стратегиясы» орталығы;
Өзбекстан тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдары федерациясы.
III. Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға қосқан үлесі үшін:
Рахимова Гулнора Хошимовна – Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрінің орынбасары;
Хусанова Дилноза Ғафуровна – Өзбекстан Республикасы Президенті құзырындағы Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігінің бас маманы.
IV. Адам құқықтары саласындағы білім беру мен насихаттауға қосқан үлесі үшін:
Матчанов Олимжон Отабоевич – Өзбекстан Республикасы Академиясының факультеті бастығы;
«ЮРИСТ ЖӘНЕ КАДР» жекеменшік оқу орны.
Шара соңында Ұлттық орталықпен тиімді ынтымақтастық орнатқан мемлекеттік ұйымдардың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне алғыс хаттар табысталды.