Шавкат Мирзияев инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру жөнінде кеңес өткізді

    Билік 4 Noyabr 2021 5532

    4 қарашада Президент Шавкат Мирзияев инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру жөнінде кеңес өткізді.

    Республикада инвестиция көлемі тұрақты түрде артып келеді. Атап айтқанда, соңғы 5 жылда шетелдік инвестиция көлемі үш есеге артты. Оның есесіне жүздеген зауыттар мен кәсіпорындар іске қосылды, өнім мен қызмет түрі көбейді, адамдар жұмыспен қамтылды, жаңа нысандар салынды.

    Мұндай жұмыстар әр салада мен өңірде жалғасын табуда. Жыл басынан бері 179 ірі, 10 мың аймақтық жоба іске қосылды. Оларға 76 триллион сум инвестиция құйылып, 143 мыңжаңа жұмыс орны ашылды.

    Бүгінгі жиында соңғы жылдары пайдалануға берілген 442 жоба аз қуатпен жұмыс істеп жатқаны айтылды. Тексеру барысында олардың 238-інің шикізат пен нарық табуда, 115 несие алу, 35 инфрақұрылымда қиындықтар бар екені анықталды.

    Облыс әкімдеріне аталған кәсіпорындардың мәселелерін шешуді тапсырды. Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігіне жыл соңына дейін 139 ірі және 3000 аймақтық жобаны іске қосу міндеті қойылды.

    Мемлекет басшысы әрбір сум инвестиция экономикаға нәтиже болып қайтуы және ол халықтың игілігіне қызмет ету керектігін атап өтті.

    Жиында биылғы жылы әкелінген 270-тен астам техника әлі орнатылмағаны айтылып, бұған себепті процестерді жеңілдетіп, құрал-жабдықтарды пайдалануға жарамды ету қажет екендігі сөз болды.

    Президент шетел инвестициясы мен экспорт көлемін арттыруда Өзбекстанның шет елдердегі елшілері қызметінің маңыздылығына тоқталып, өңірлер мен сала басшыларына келешегі зор жобаларды тауып, елшілермен бірге жүзеге асыру туралы тапсырма берді.