Бүгін, 26 тамыз күні Самарқанд қаласында сапардың негізгі іс-шаралары Иордания басшысын ресми қарсы алу рәсімінен басталды.

Конгресс орталығы ғимараты алдындағы алаңда құрмет қарауылы сап түзеді. Өзбекстан Президенті мәртебелі мейманды ыстық ықыласпен қарсы алып, мінберге шақырды.

Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Өзбекстан Президенті мен Иордания Королі құрмет қарауыл сапының алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерін құттықтады.