«Жібек жолында» фильмі халықаралық кинофестивальға қатысады

    Мәдениет 7 Aprel 2022 1355

    Кинематография агенттігінің тапсырысы бойынша «Ёшлик» киностудиясы түсірген «Жібек жолында» қысқа метражды фильмі Лондонда өтетін ECG Film Festival («Eurasian Creative Guild Film Festival») Еуразия халықаралық кинофестиваліне қатысады.

    Кинофестиваль бағдарламасындағы фильмдер 19-25 май күндері Лондондағы «Premier Cinema» кинотеатрында көрсетіліп, олардың арасынан жеңімпаздар анықталады.

    Кинокартина «Жібек жолының інжу-маржаны» Ташкент халықаралық кинофестивалінің бағдарламасына енген «Кино 5 күнде» жас режиссерлер жобасы бойынша түсірілген. Кинофестивальдің бас жүлдесі «Гран-при» және «Ең үздік актер» аталымдарын жеңіп алған.

    Сонымен қатар, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен AWFF-2021 («Asian World Film Festival») халықаралық кинофестивалінде «Азиядағы ең үздік қысқа метражды фильмі» аталымын жеңіп алған, деп хабарлайды Кинематография агенттігінің баспасөз қызметі.

    Сценарий авторы Шохжахон Субхонов, режиссері Шерзод Назаров, операторы Диёр Исматов, суретшісі Еркін Хушматов, көркемдік жетекшісі Али Хамроев.