Мәдени фестивальдің ашылу салтанатында университет президенті Чэнь Цзямин қатысушыларды мерекемен құттықтап, аталмыш жоғары оқу орнының қызметі және оның халықаралық ынтымақтастық байланыстары туралы айтты.
Мәдениет фестиваліне университеттің профессор-оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысты.
Шараға жиналғандар шетелдік студенттердің дайындағын тұсаукесерлерін бақылап, әлемнің мәдени әртүрлілігі мен мәдени интеграциясының шексіз тартымдылығын тамашалады.
Фестиваль аясында Өзбекстан елшілігінің дипломаттары университет басшылығымен кездесу өткізді. Бұл шара халықаралық студенттердің өзара әдет-ғұрып, дәстүр мен мәдениетті жақсырақ түсінуі үшін маңызды платформа болып қызмет ететіні айтылды.
Университет президенті Чэнь Цзямин бүгінге дейін университетті 78 өзбек азаматы сәтті бітіргенін айтты. Қазіргі таңда университетте 44 жерлесіміз білім алуда. Университет басшылығы шетелдік студенттерге жасалып жатқан жағдайлармен таныстыра келе, осы жоғары оқу орнында өз елінің дамуына үлес қосатын, өз саласының шебері болған кәсіпқой кадрларды дайындап беру басты міндет етіп белгіленгенін тілге тиек етті.
Өзбекстан мен Қытай арасындағы жоғары білім саласындағы қарым-қатынастар алдағы уақытта да дәйекті түрде дами беретіні атап өтіліп, білім саласындағы достық алмасулар мен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге келісіп алды.
Мерекелік шара аясында жерлес студенттермен бірге Өзбекстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды. Онда еліміздің мәдениеті мен туристік әлеуеті кеңінен насихатталды.
Қонақтарға соңғы жылдары Өзбекстан мен Қытай арасындағы білім, ғылым, мәдениет, халық дипломатиясы, спорт және туризм салаларындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілгені айтылды.
Атап айтқанда, 2024 жылдың 22 январь күні Пекин қаласында 100-ден астам жоғары оқу орындарының қатысуымен «Өзбекстан-Қытай білім форумы» сәтті өткені атап өтілді, деп хабарлайды «Дунё» АА.