Онда Өзбекстандағы экономикалық және басқару реформасы аясында қол жеткізілген нәтижелер мен осыған байланысты алдағы жоспарлар қарастырылды.

Мемлекет басшысы барлық маңызды салалардағы жаңартуларға тоқтала отырып, экономиканың басым секторларын жаңғырту мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің, мемлекеттік басқарудағы трансформация процестерінің, сондай-ақ цифрландыру мен инвестициялық тартымдылықтың маңыздылығын атап өтті.

Сума Чакрабарти әлемдік экономикадағы күрделі жағдайда Өзбекстанның қабылдаған тиімді шаралары экономикалық реформалардың серпінділігін қамтамасыз етіп отырғанын және бұл саладағы бірлескен күш-жігердің жаңа кезеңде жалғасуын қолдайтынын айтты.

Кездесуде күн тәртібіндегі басқа да маңызды мәселелер талқыланды.