Иракта Өзбекстанның жаңа елшісі өз қызметін бастады

    Өзбекстанның Иракқа жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі (штап-пәтері Кувейт қаласында орналасқан) Аюбхон Юнусов осы елдің Президенті Абдуллатиф Рашидке сенім грамотасын тапсырды.

    Салтанатты рәсімнен кейін болып өткен диалогта Ирак Президенті Адуллатиф Рашид пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың халықаралық шаралар аясында өткізген сұхбаттарын жылы әсерлермен еске алды.

    Әңгіме соңында Президент Абдуллатиф Рашид Өзбекстанның Ирактағы Елшісі етіп тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметіне зор табыстар тіледі.

    Еске сала кетейік, Аюбхон Юнусов 2024 жылы 6 февраль күні Өзбекстанның Кувейттегі Елшісі ретінде Әл-Кувейт қаласына барған болатын.

    Кувейтке тағайындалғанға дейін ол Сыртқы істер министрлігінің Консулдық-құқықтық департаментінің басқарма басшысы қызметін атқарып келетін. 50 жастағы дипломат Имам әл-Бухари атындағы Ташкент ислам институтын, «Ал-Азҳар» университетін (Мысыр), Әлемдік экономика және дипломатия университетін, Ташкент мемлекеттік заң институтын бітірген. Халықаралық құқық, исламтану, араб филологиясы сияқты мамандықтарға ие. Заң ғылымдарының кандидаты.

    2003 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігі құрылымында түрлі лауазымдарда, соның ішінде орталық аппаратта, Сауд Арабиясындағы елшілікте, Жидда қаласындағы және Дубай Әмірлігіндегі (БАӘ) Бас консулдықтарда жұмыс істеген.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates