Үндеуде, Израиль аумағындағы қауіпсіздік мәселелеріне байланысты Майдан арты бұйрығы тарапынан арнайы ескертулер беріледі. Азаматтардан осы белгіленген ресми нұсқауларды қатаң сақтауды сұрады.
Қызыл түстегі ескерту— бқл қауіпті жағдайды білдіреді. Бұл жағдайда сіз:
Сіз ең жақын қорғалатын аймақта болуыңыз керек (бомбадан қорғалатын жер);
Қозғалысты шектеу қажет;
Сиренаны естіген кезде дереу қорғалатын аймаққа кіріп, келесі ескертуге дейін сол жерде болыңыз.
Көк түсті ескерту — қауіптің өткенін және қорғалатын аумақтан кетуге болатынын білдіреді. Баспаналардың жанында тұрудың қажеті жоқ.
Маңыздысы: Кез келген жағдайда да құзырлы органдардың нұсқауларын орындап, жақын маңдағы баспаналар туралы алдын ала ақпарат алыңыз, - делінген хабарда.








