Лого Лого-пв-уз

    Мемлекет басшысы жылыжай шаруашылығын қолдауға бағытталған таныстырылымға қатысты

    Билік 2 Noyabr 2022 2436

    Президент Шавкат Мирзияев жылыжай шаруашылығын қолдауға бағытталған қосымша шаралардың таныстырылымына қатысты.

    Бұл туралы 5 қыркүйекте азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі бейнеселектор отырысында тапсырма берілген болатын.

    Қазірде Өзбекстанда 3 мыңнан астам жылыжай бар. Олардың жалпы көлемі 6300 гектардан астам болса, оның 4300 гектары соңғы бес жылда құрылған. Бұл кешендерде азық-түліктің үздіксіздігі мен экспортын қамтамасыз ететін көптеген өнімдер өсіріледі.

    Бірақ соңғы уақытта сыртқы нарықтағы шектеулер мен көлік логистикасындағы үзілістер бұл салаға кері әсерін тигізуде. Атап айтқанда, көптеген жылыжайлардың бизнес-жоспарында 1 тонна өнімнің өзіндік құны орташа есеппен 600 доллар деп есептелсе, 2020 жылы құны 900 доллар, 2021 жылы 1200 доллар болды. Кейбір жылыжай шаруашылықтарының несие, салық, көгілдір отын, электр энергиясы төлемдері бойынша қарызы бар.

    Сондықтан Президент тапсырмасына сәйкес саладағы түйткілді мәселелер зерделеніп, кәсіпкерлердің ұсыныстары тыңдалды. Солардың негізінде жылыжайда өнім өсіріп, оны өткізудің жаңа тетігі әзірленді.

    Оған сәйкес, Бау-бақша және жылыжай шаруашылығын дамыту агенттігі жылыжайларға тұқым, көшет, минералды тыңайтқыштар және басқа да материалдық ресурстарды жеткізіп, өнім сатып алып, экспорттауды жүзеге асырады. Карантин және өсімдіктерді қорғау агенттігі питомниктерге күтім жасау қызметтерін көрсетеді.

    Сонымен қатар, қаржылық жеңілдіктер де анықталуда. Атап айтқанда, жылыжайлар мен мұздатқыштары бар қоймалар үшін халықаралық қаржы институттары мен мемлекеттік мақсатты қорлардан бөлінген несиелерді өтеу мерзімін 7 жылдан 14 жылға дейін, жеңілдікті кезеңді 3 жылдан 5 жылға дейін ұзарту көзделіп отыр. Несиені өтеу мерзімі егін жинау және сату мерзіміне сәйкестендіріледі.

    Экспортқа шығарылатын өнім өндіруді ынталандыру мақсатында жылдық 4 пайыздық мөлшерлемемен шетел валютасында банк несиелерін бөлу жоспарлануда. Заманауи индустриялық үлгідегі жылыжайлар мен логистикалық орталықтарды құру үшін жалпы аумақтар ашық аукцион арқылы сатылымға шығарылатын болады.

    Мемлекет басшысы бұл шараларды мақұлдады. Жеміс пен көкөністерді сақтауға, сұрыптауға және қораптауға қабілетті сауда кешендерін құру, жаңа жылыжайларға су және электр желілерін тарту жөнінде тапсырмалар берілді.

    No date selected
    February 2023
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    Use cursor keys to navigate calendar dates