Жиын басында Білім инспекциясының басшысы Улықбек Ташкенбаев беделді университет өкілдеріне келгендері үшін алғысын білдіріп, еліміздегі білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан реформаларды, атап айтқанда, жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін арттыру, ғылым-білім мен өндірістің интеграциясын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді.

 «Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік және беймемлекеттік  жоғары оқу орындарының саны бірнеше есеге артты. Өз кезегінде, олардың арасында бәсекелестік орта қалыптасуда. Біздің алдымызда тұрған келесі кезек күттірмейтін міндет – жоғары білім сапасын арттыру, озық шетелдік тәжірибені енгізу, академиялық ұтқырлықты  арттыру саналады.

Бүгінгі басқосуда талқыланған мәселелер екі жаққа да тиімді болып, еліміздегі жас ғылыми зерттеушілерге мүмкіндік есігін ашады деп сенеміз», - деді Білім инспекциясының басшысы.

Өз кезегінде, Инсубрия университетінің өкілдері қабылдау үшін ризашылықтарын білдіре отырып, ынтымақтастық жасау жоспарлары туралы толық ақпарат берді. Атап айтқанда, университеттер мен студенттер алмасуын жолға қою, өзбекстандықтар үшін грант есебінен  Италияда докторандурада оқу және ғылыми зерттеулер жүргізуге болатыны айтылды. Әсіресе, туризм және жібекшілік бағытында өзара тәжірибе алмасуға жақсы нәтиже беретіні, осы салаларда ғылым-білім және өнеркәсіп интеграциясы бойынша Италия үлкен тәжірибеге ие екені айтылды.

Соңында Инсубрия университетімен ынтымақтастық істеріне мүдделі жоғары оқу орындарын да тарту және алдағы қарым-қатынастар бойынша нақты ұсыныстар дайындауға келісілді.

Ақпарат үшін, Инсубрия университеті өз қызметін 1998 жылы бастаған Италиядағы мемлекеттік жоғары оқу орны болып табылады. Италияның Варесе қаласында университет Халықаралық деңгейде тән алынған THE - Times Higher Education рейтингінде ТОП-500 қатарына кіреді.

Университеттегі биотехнология және өмір туралы ғылымдар; заң, экономика және мәдениет; экономика; медицина және хирургия; ғылым-білім және жоғары технологиялар; теориялық-практикалық ғылымдар және гуманитарлық ғылымдар және инновациялар сияқты факультеттер бар, деп хабарлайды Білім сапасын бақылау мемлекеттік инспекциясының баспасөз қызметі.