«Узчармсаноат» бірлестігінде өткен кездесуде жобаны жүзеге асыруға қатысты ұйымдастыру-іс жүзіндік мәселелер жан-жақты талқыланды.
Ақпарат үшін, «Tecon» 40 жылдан бері аяқ киім өнеркәсібіне арналған технологиялар мен қосалқы бөлшектерді жеткізіп келеді. Өзінің қызмет ету кезеңінде «Tecon» Италияның ұлттық брендіне айналды. Компанияның әлемде өз орны бар.
Кездесуде компания менеджері Камилла Тавитти «Tecon» компаниясының басшысы Джорджио Менико Өзбекстанға осыдан 8 жыл бұрын іс-сапармен келіп, орасан зор әлеуеттен шабыттанып, еліміздің мүмкіндіктерімен, өндірістік қуатымен танысқанын атап өтті.
Бүгінде бұл әлеует ашылуда, – деді Камилла Тавитти – біздің елімізде инвесторлар үшін қолайлы жағдай, ашық және либералды ақша-несие саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және мемлекеттік кепілдіктер бар. Дәл осы факторлар жаңа жобаның жүзеге асуына түрткі болды.
Сұхбат барысында Өзбекстанның былғары-аяқ киім өнеркәсібінің өндірістік әлеуеті, экспорт географиясы туралы тұсаукесерлер жасалды. Италия компаниясы еліміздің өңірлеріндегі өндірістік кәсіпорындарды аралаудан алған әсерімен бөлісті, технологиялық үдерістер мен өңірлердің әлеуетін жоғары бағалады.
«Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақын күндері итальяндық компаниямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады. Осыдан кейін жаңа өндірістік жобаны жүзеге асыру бойынша алдын ала жұмыстар басталады, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.