Иран Өзбекстанда полиуретан шикізатын өндіруді жоспарлаған

    Өнеркәсіп 7 Iyun 2022 1724

    «Узчармсаноат» бірлестігінде Иранның «Мокаррар» холдинг компаниясымен былғары аяқкиім өнеркәсібі үшін қажетті болған полиуретан шикізатын өндіруге маманданған жаңа бірлескен жобаны жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізді.

    Сұхбатта ең алдымен Бірлестік басшылығы Иран компаниясына тері, аяқ киім және елтірі өнеркәсібінің өндірістік әлеуеті, инвестициялық бағдарламалар мен шетелдік инвесторлар үшін жасалып жатқан жағдайлар, мемлекет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктер туралы толық ақпар берді.

    Айта кету керек, бүгінде былғары-аяқ киім, электротехника және автомобильжөндеу өнеркәсібі аталмыш түрдегі шикізатты импорттауда. Елімізде былғары-аяқ киім өнеркәсібі жылдан жылға дамып, өнім көлемі артып келеді. Бұл өз кезегінде жергілікті кәсіпорындарымызды сапалы әрі қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін көтеріп отыр. Әсіресе, аяқкиім өнеркәсібінде полиуретанды шикізатқа сұраныс жоғары. Қазіргі уақытта бұл шикізат шетелден импортталады.

    Иранның «Мокаррар» холдинг компаниясы дәл полиуретан шикізатын өндіруде әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта компанияның Түркияда, Қытайда және БАӘ-де филиалдары бар. Шикізат жеткізуде 1600-ден астам кәсіпорынмен шикізат жеткізіп беру бойынша ынтымақтастық жасап келеді.

    Келіссөздер барысында Иран компаниясымен үш салада ынтымақтастық орнату туралы бастамалар алға тартылды. Біріншіден, бұл жергілікті кәсіпорындармен тікелей байланыс арқылы ынтымақтастық, екіншісі – екінші бірлестікке қарасты «Узчармимпекс» кәсіпорынның жеткізіп беру мүмкіндіктерін пайдалану, үшіншісі сала аталмыш түрдегі шикізатты Өзбекстанда өндіру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру.

    Кездесуде ирандық компанияға Әндіжан, Наманган облыстары мен Ташкентте полиуретан шикізатын өндіру бойынша жоспарланған жобалар туралы ақпар берілді. Келіссөздер барысында ирандық компания осы салада ынтымақтасуға дайын екенін айтып, жобалармен танысуға ниетті екенін мәлімдеді.

    Сондай-ақ Өзбекстанда өндірілген екілемші былғары және дайын былғары және аяқкиім өнімдерін сатып алу бойынша келіссөздер жүргізілді, деп хабарлады «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates