Июль айында ауа райы қандай болады?

    Ел назарында 30 Iyun 2022 2506

    30 июнь республика аумағының басым бөлігінде ауа температурасының шамалы төмендеуі басталды, ол 1 июльде де жалғасады. 2-3 июльде еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы қайтадан 40-41° дейін көтеріледі. Оңтүстіктің ең шеткі бөлігінде бұл күндері ауа температурасы 42-45° аралығында тұрақты болады.

    Алдағы күндері бізді салыстырмалы түрде салқын ауа райы күтіп тұр. 3 июльде солтүстік аумақтарда, 4-5 июль күндері Өзбекстанның барлық облыстарында ауа температурасы жазғы маусым үшін 30-33° болған қолайлы мәндерге дейін төмендейді, соң бірнеше күн барысында ол 34-37°, оңтүстікте 38-40° айналасында сақталады.

    Июльдің екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасы 35-38° шамасында, кей күндері кей жерлерде 40-42° дейін көтеріледі деп күтілуде.

    Июль айында жауын-шашын аз болады, тек тау бөктерінде және таулы аймақтарда, кей жерлерде 2-4 күн қысқа мерзімді найзағай аралас жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Өзбекстанның Гидрометеорологиялық қызметінің орталығы.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates