Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықты дамыту болашақтары талқыланды

    Инвестициялар 30 Sentabr 2022 1588

    Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев 29 сентябрьде Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аумағы бойынша вице-президенті Анна Бердемен кездесу өткізді. Онда екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мен бүгінгі жағдайы мен болашақтары талқыланды.

    Тараптар 30 жылдық қарым-қатынас барысында инвестициялық ынтымақтастық аясында қол жеткізілген нәтижелерді жоғары бағалады. Осы кезеңде ауыл шаруашылығын реформалауға, денсаулық сақтау мен білім беруді жаңғыртуға, сумен қамтамасыз етуге, қаржы мен көлікті жақсартуға, жол салуға бағытталған 3,6 миллиард долларлық 28 жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ, инфрақұрылымды, энергетиканы, ауыл шаруашылығын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға, кәсіпкерлікті қолдауға, денсаулық сақтау мен білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған жалпы құны 5 миллиард доллар болатын 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

    Қаланың инфрақұрылымын жақсартуға және бюджетті қолдап-қуаттауға бағытталған жаңа жобаларды әзірлеуді жеделдету туралы келісімге қол жеткізілді.

    Өзбекстанда кең ауқымды реформаларды жүзеге асыруда банк мамандарының кеңес және техникалық көмекті кеңейту болашақтары талқыланды.

    Өзбекстанның аумақтарына 2040 жылға дейiн тiкелей шетел инвестицияларын тарту стратегиясын әзiрлеуге, денсаулық сақтау саласын дамыту стратегиясын дайындауға, сауда тосқауылдарын азайтуға бағытталған техникалық көмек көрсету, кедендiк тәртіп-ережелерін цифрландыру және техникалық регламенттердi үйлестiруде, Экспортты дамыту стратегиясын және Өзбекстанның барлық аумақтарында өнеркәсiптi тепе-тең дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған базар қағидаларына негiзделген Өнеркәсіп стратегиясын жасауда іс жүзіндік көмек көрсету бойынша келiсiмге қол жеткiзiлдi.

    Тараптар Сауд Арабиясы үкіметі мен Ислам даму банкімен бірлесіп құрылған Өзбекстанның экономикалық мүмкіндіктерін дамыту қорының қаржылық емес қызметіне ДБ сарапшыларының қолдауын да талқылады. Дүниежүзілік банк басшылығы қор қызметіне қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates