Дүниежүзілік банкпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында ынтымақтастық мәселелері талқыланды

    Қауіпсіздік 31 Yanvar 2023 1677

    Үстіміздегі жылдың 31 январында Олий Мажлис Сенатының Сот-құқық мәселелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің төрағасы Наримон Умаров Дүниежүзілік банктің өкілі Даниела Фелкманмен кездесті.

    Кездесуде Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мен оның алдын алуға бағытталған реформалар, заң шығару құжаттарды жасау үдерісінде сыбайлас жемқорлық факторларына жол бермеуде жүзеге асырылған істер талқыланды.

    Атап айтқанда, елімізде мемлекет және қоғам құрылысының барлық салаларында сыбайлас жемқорлыққа байланысты факторларды тоқтатуға бағытталған 90-ға жуық, тікелей жемқорлыққа қарсы күрес саласын реттейтін 10-нан астам нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданғаны, сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықсыз сала» жобалары, «Жол карталары» және Бағдарламалар аясында бірқатар оң жетістіктерге қол жеткізіліп жатқаны айтылды.

    «Мемлекеттік азаматтық қызмет туралы» Заң қабылданды, онда жұмысқа кіруге үміткерлерді ашық тәуелсіз байқау арқылы таңдап алу үдерісін құқықтық реттеу, мемлекеттік азаматтық қызметшілердің жұмыс тиімділігі мен компетенциясын бағалау өлшемдері, олардың біліктілігін арттыруға қатысты нормалар белгіленді.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алуға бағытталған реформалардың қисынды жалғасы ретінде 2022 жылы қабылданған «Жаңа Өзбекстанның Даму стратегиясында» жемқорлықсыз мемлекет құру белгіленгендігі мемлекеттік мекемелерге, атап айтқанда, парламентке бұл жөніндегі істерді жүзеге асыруда үлкен жауапкершілік жүктейді.

    Сондай-ақ, бүгінде «Мүдделер тоғысуы туралы» Заң парламентте талқыланып, «Мемлекеттік қызметшілердің табысытарн декларациялау туралы» заң жобасы әзірленіп жатқаны айтылды.

    Кездесуде Дүниежүзілік банк өкілдері тарапынан «Өзбекстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің институционалдық әлеуетін күшейту» тақырыбындағы Банк жобасының мақсаты мен күтілетін нәтижелері туралы толық ақпарат берілді және оларды жүзеге асырудағы парламенттің рөлі туралы мәселелер талқылады.

    Кездесу соңында Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының ақпарат қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates