Дүниежүзілік банктің көмегімен ВРО орталықтары құрылады

    Дүниежүзілік банк өкілдерімен «Өзбекстанда инклюзивті цифрландыру» жобасы аясында BPO орталықтарын құруға көмектесу мәселелері талқыланды.

    Ағымдағы жылдың 27 июнінде Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрінің бірінші орынбасары Олег Пекос Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті.

    Кездесуде BPO (Business Process Outsourcing) және KPO (Knowledge Process Outsourcing) қызметтері базарында жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында «Өзбекстанда инклюзивті цифрландыруды» дамыту және кең ауқымды жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.

    АКТ саласына жастарды кеңінен тартуды, жалақысы жоғары жұмыс орындарын құру арқылы оларды жұмыспен қамтамасыз етуді арттыру министрліктің басты бағыттарының бірі екені айтылды. Осыны ескере отырып, Дүниежүзілік банктің қатысуымен «Өзбекстанда инклюзивті цифрландыру» жобасы қашықтықтан қызмет көрсету орталықтарын (BPO-центр) құру және жабдықтауды көздейді.

    Тараптар Өзбекстанның цифрлық дамуы жағдайында бұл жобаның маңыздылығын атап өтіп, оны тиімді жүзеге асыру және АКТ саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін барлық күш-жігерді жұмылдыруға дайын екендіктерін білдірді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates