Саудия Арабиясы мен Таяу Шығыста Өзбекстанның IT-аутсорсинг әлеуеті насихатталады

    Өзбекстанның цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов Сауд Арабиясындағы «DataVolt» компаниясының бас атқарушы директоры Ражит Нандамен кездесті.

    Келіссөздер кезінде ынтымақтастықта жүзеге асырылып жатқан Ақпараттар орталығын құру үдерістері мен білікті мамандарды дайындау туралы пікір алмасылды.

    Кездесуде компаниямен ынтымақтастықта «жасыл» Ақпараттар орталығы жобасының бірінші кезеңі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде пікір алмасылды.

    Жобаны жүзеге асыру үшін жеткілікті электр энергиямен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аудару қажет екені айтылды. «DataVolt» компаниясының бас атқарушы директоры бұл жобада қайта өңделетін энергия көздерінен пайдалануды мәлімдеді.

    Сонымен бірге, ақпараттар орталығын құру арқылы халықаралық ірі IT-компанияларды Өзбекстанға тарту бойынша практикалық жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды.

    Білім беру саласындағы цифрлық шешімдерді қарқынды дамыту, IT аутсорсинг және басқа да салалардағы таланттарды даярлау үшін Сауд Арабиясы мен Таяу Шығыста Өзбекстанның IT аутсорсинг әлеуетін насихаттау бойынша бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға назар аударылды.

    Сондай-ақ біріккен жобаларды ілгерілету арқылы әлемнің ірі технологиялық компанияларын Өзбекстанға тарту жоспарлары қарастырылды.

    Кездесу соңында телекоммуникация саласындағы жобаларды жүзеге асыру болашақтарына назар аударылды, деп хабарлайды «Дунё» АА.