Дүниежүзілік банк Өзбекстандағы 7 мың кәсіпорынды қолдамақшы

    Дүниежүзілік банктің атқарушы директорлар кеңесі Өзбекстанға 100 миллион АҚШ доллары көлеміндегі несие және 5 миллион доллар грант бөлуді мақұлдады.

    Бұл туралы Банктің баспасөз қызметі хабарлады.

    Бұл қаражат «Жұмыс орындарын ашу мен бизнесті дамыту үшін қаржыландырудан пайдалану» (Access to Finance for Jobs and Growth Project, FINGROW) жобасын жүзеге асыруға бағытталатыны айтылды.

    Жобаның негізгі мақсаты – капитал тапшылығын бастан кешіріп отырған микро, шағын және орта кәсіпорындардың (МШОК) қаржылық ресурстардан пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ олар жекеменшік инвесторларды тарту.

    FINGROW жобасы Экономика және Қаржы министрлігіне жанындағы «Кәсіпкерлікті дамыту компаниясы» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Компанияның еншілес құрылымдары банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және жеке инвесторлармен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес субъектілеріне несиелік кепілдіктер береді және кәсіпорындардың капиталына жекеменшік инвестицияларды тартуға көмектеседі.

    Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, 2030 жылға қарай осы жобааясында шамамен 7 мың шағын және орта бизнесті, соның ішінде 4,5 мың әйелдер мен жастар басқаратын кәсіпорындарды қаржыландыруға қол жеткізе алады. Бұл шамамен 100 мыңға жуық жаңа және лайықты еңбекақы төлейтін жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

    Сондай-ақ, өсу әлеуеті жоғары болған 70-ке дейін шағын және орта кәсіпкерліктің капиталына жекеменшік инвестицияларды тарту арқылы қолдау көрсетіледі. Жоба аясында 500 миллион долларға жуық қосымша жекеменшік капиталды тарту жоспарланған.

    Бұл бастама Дүниежүзілік банк тобының Еуропа мен Орталық Азиядағы бизнесті қолдауға арналған 4 миллиард долларлық FINGROW аймақтық бағдарламасының бір бөлігі саналады. Өзбекстан бұл бағдарлама бойынша көмек алған алғашқы елдердің бірі болды.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates