Жызақта алғашқы цифрлық подстанция іске қосылды

    Подстанцияның іске қосылуымен Фарыш, Зафарабад, Шараф Рашидов, Пахтакор, Достық, Мырзашөл және Жызақ қалалары тұрғындарының бір бөлігін электр энергиясымен қамтамасыз ету жақсарады.

    Мемлекет басшысының «Өзбекстан Республикасының 2023-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралары туралы» 2022 жылдың 28 декабріндегі қаулысы негізінде Сырдария жылу электр станциясында 220 кВ ауа желісі мен 220 кВ «Зафарабад» цифрлық подстанциясын құру жобасын іске асыру белгіленген еді. Бүгінгі таңда қуаты 500 Мегаваттық осы инвестициялық жобаның құрылысы соңына жеткізілді.

    Бұл жоба Азия даму банкінің несие қаражаты есебінен қаржыландырылып, аталған цифрлық подстанцияның құрылыс жобасы Фарыш ауданының «Егізбұлақ» МАЖ аумағында жүргізілді. Подстанцияның құрылысына бас мердігер ретінде Қытайдың «Shanghai Electric Group», желіні салуға «Syncro» компаниялары тартылған.

    – Подстанцияның құрылыс жобасына 60 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы игеріліп, дәл қазір шанхайлық инженерлермен подстанция қондырғылары мен негізгі басқару серверлерін жергілікті жұмысшыларға үйрету үдерісі жүргізілуде, — деді «Өзбекстан ұлттық электр желілері» АҚ Жызақ магистраль электр желілерінің басшысы Ғайрат Ахмедов.

    Құрылыс жобасы бойынша осы подстанцияға 280 км ұзындықтағы 220кВты ауа желісі Сырдария жылу электр станциясынан тартылды. Мұның үшін бұл желі Сырдария облысының Ширин және Жаңажер қалалары, Хауас ауданы арқылы өтіп, Жызақ облысының Замин, Пахтакор, Шараф Рашидов, Зарбдар және Фарыш аудандарының аумақтарын байланыстырады.

    No date selected
    January 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates