Бірінші халықаралық жолаушы пойызы үстіміздегі жылдың 1 апрелінен бастап Нөкіс – Бейнеу – Нөкіс бағыты бойынша алғашқы халықаралық жолаушылар пойызы қатынайтын болады.
«Узбекистон темир йуллари» акционерлік қоғамы мен «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамымен келісе отырып, биыл Қазақстан Республикасына тағы бір жолаушылар пойызы қатынауы ұйымдастырылуда.
2022 жылдың 2 майынан бастап аптада үш рет Алматы-2 – Ташкент – Алматы-2 бағыты бойынша 1/2 пойызы қатынайтын болады. Пойыз әр сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері «Ташкент-Орталық» вокзалынан Қазақстанға жолға шығады. Өзбекстанға қарай “Алматы-2” теміржол вокзалынан әр дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері шығады.
Басқа көрші елдермен теміржол бағытының қатынасын қайта қалпына келтіру тараптардың келісімі бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылады деп күтілуде.
Билеттерді электронды түрде және теміржол кассасынан сатып алуға болады.
ЕСКЕРТУ: Толығырақ ақпаратты Ташкент қаласындағы 1005 телефоны, жергілікті теміржол кассалары мен ақпараттық бюро арқылы алуға болады.