Биыл цемент шығаратын 7 жаңа зауыт іске қосылды

    Өнеркәсіп 6 Dekabr 2022 3466

    Биыл жылдық қуаты 6,8 миллион тоннаға тең 7 жаңа цемент шығаратын зауыт Әндіжан, Науаи, Наманган, Қашқадария және Ферғана облыстарында іске қосылды.

    Бұл туралы «Узсаноатқурилишматериаллари» бірлестігінің ақпарат қызметінің жетекшісі Жамшид Шерметов хабарлады.

    2022-2023 жылдары цемент өндіру бойынша жүзеге асырылған инвестициялық жобалардың мекенді тізіміне орай Әндіжан облысында 2-еу, Жызақ облысында 1-еу, Қашқадария облысында 1-еу, Науаи облысында 1-еу, Наманган облысында 2-еу, Самарқантта 2-еу, Ташкент облысында 1-еу және Ферғана облысында 2 жаңа цемент зауытын салу жоспарланған.

    «Талдауларға назар аударатын болсақ, 2016 жылдың қорытындысы бойынша республикамызда 8,6 мллон тонна цемент өндірілген. 2021 жылы 14,2 миллион тонна, ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 15,2 миллион тонна болады деп күтілуде.

    Сондай-ақ, елімізде жоғары сапалы цемент өндіруге ерекше көңіл бөлініп, қазір өнеркәсіптік кәсіпорындардың 5 миллион тоннадан астам жоғары сапалы цемент шығаруға мүмкіндігі бар», - дейді Жамшид Шерметов.

    Қазіргі уақытта республикадағы цемент өндірісінің қуаттылығы 27,1 миллион тоннаны құрауда.

    Сондай-ақ үстіміздегі жылдың 1-тоқсанында табиғи газдың тапшылығынан 1,8 миллион тонна цемент өндірілмей қалғаны айтылды.