Өзбекстан қандай құрылыс материалдарын экспорттауда?

    «Узсаноатқурилишматериаллари» бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі таңда республикамызда 9 мыңнан астам құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын бар, олар 180 түрдегі өнімдерді өндіреді.

    Биылғы жылдың бірінші жартысында құрылыс материалдары өнеркәсібінде өнім өндіру көлемі 15 триллион сумды құрады. Жыл соңына дейін 27,6 триллион сумдық өнімдер өндірілуі, 1,8 миллиард долларлық инвестиция игерілуі, 690 миллион долларлық өнімдерді экспорттау, жергіліктендіру бағдарламасы аясында 981 миллиард сумдық өнім өндіріліп, 20 908 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

    Сала кәсіпорындары тарапынан үстіміздегі жылдың өткен кезеңінде жалпы 287 миллион долларға құрылыс материалдары экспортталды. Яғни, қазірде сыртқы базарларда біздің керамика, құбыр және пластмасса бұйымдарына, металл бұйымдары мен алюминий профильдерімізге тапсырыстар көбірек түсуде.

    2022 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 1 802 миллион доллар инвестиция игерілді. Бұл жобалардың 35-і ірі жоба, 132-сі орта, 652-і шағын жобалар. Сондай-ақ биыл 1,8 миллиард долларды құрайтын 819 жоба іске қосылып, 20,9 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

    Мемлекет басшысының 2022 жылғы 21 февральдағы «Тұрғын үй құрылысын және құрылыс материалдары өнеркәсібін қолдап-қуаттау туралы қосымша іс-шаралар туралы» қаулысы негізінде 8 — Бұлақбоши, Қоровулбазар, Фориш, Чуст, Пахтачи, Сариосие, Ахангаран және Өзбекстан аудандарында қосылған құн тізбегін құрайтын құрылыс материалдары кластерін ұйымдастыру, сондай-ақ 16 аудан және қалаларда, тағы басқа аумақтармен өнеркәсіп кооперациясын ұйымдастыру, құрылыс материалдарын өндіруді жолға қою белгіленген. Бүгінгі таңда бұл мамандандырылған аудандарда құны 1,6 миллиард долларды құрайтын 150 жоба құрылып, 7,8 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

    Кластерлерді сыртқы инженерлік-коммуникациялық тармақтармен қамтамасыз ету үшін 2022-2023 жылдары мемлекет бюджетінен 200 миллиард сум, биыл оның 101 миллиард сумы және ал геологиялық барлау жұмыстарына 100 миллиард сумы бөлінеді. Осының нәтижесінде Жаңа Өзбекстан массивтерінің құрылысындағы нысандардың құрылыс мерзімі мен құнын қысқартуға болады.