Италия компаниясы Сұрхандарияда жаңа цемент зауытын кұрады

    Ел назарында 2 Iyul 2021 1788

    Сұрхандария облысының әкімі Тўра Боболов «Team Network» компаниясының халықаралық байланыстарды дамыту мәселелері бойынша директор орынбасары Себастиано Заппала басшылығындағы италиялық мамандармен кездесті.

    Италияның «Team Network» компаниясы цемент өндіру зауыттарын жобалау, құрылыс, азаматтық және өнеркәсіп инженерлігі, логистика, менеджмент, сондай-ақ маманданған қызметкерлер тарапынан ұсынылатын техникалық кеңес қызметтерін көрсетумен шұғылданады.

    Кездесуде Сұрхандарияда 220 миллион еуро көлемінде тікелей шетелдік инвестиция жұмылдыру есесіне жылына 1 миллион тонна портландцемент өндіру қуатына ие зауыт құру, құрылыс істері үшін Шерабад ауданында 250 гектар жер алаңын ажырату мәселелері, сонымен қатар, жоба шеңберінде шетелдік компанияға берілетін салық, кеден жеңілдіктері, тағы басқа преференциялар туралы пікір алысты, деп хабарлайды Сұрхондария облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Жаңа зауытты 2023 жылдың 1 тоқсанында іске қосу жоспарланған. Зауыт 500 адамды жұмыспен қамтиды.