ДДСҰ-мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

    Денсаулық 31 May 2022 2280

    Үстіміздегі жылдың 30 майында Олий Мажлис Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Содиқ Сафоевтың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Өзбекстандағы өкілеттігінің басшысы Лианне Куппенспен кездесті.

    Кездесуде ДДСҰ мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.

    Л.Куппенс Өзбекстанда денсаулық сақтауды жақсартуға, ауруларды азайтуға, пандемия кезінде халықты нәтижелі вакцинациялауға, Арал өңіріндегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған өзгерістер мен реформалардың ауқымына ерекше тоқталды.

    Өз кезегінде С.Сафоев Аралбойы өңірінде мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларына орай жүзеге асырылған істер, өзгерістер мен дәл қазіргі жағдайына жан-жақты тоқталып өтті. Атап айтқанда, БҰҰ Бас Ассамблеясының тарапынан 2021 жылдың 18 майында «Аралбойы аймағын экологиялық инновациялар мен технологиялар аймағы» деп жариялағаны Арал өңірінде атқарылып жатқан жұмыстардың жемісі екендігі айтылды.

    Атап айтқанда, 2018 жылдан бері Арал теңізінің құрып қалған түбінен миллиондаған тонна шаң мен улы тұздардың таралуына жол бермеу үшін 1,5 миллион гектар жерге шөл өсімдіктері егілді. Биыл тағы 100 мың гектарға орман құру жоспарланып отырғаны айтылды.

    Л.Куппенс ДДСҰ Аралбойы өңірі тұрғындарының денсаулығын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды толық қолдайтынын айтты.

    Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға келісіп алды .

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының баспасөз қызметі

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates