Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аптап ыстықтан сақтану бойынша ұсыныстар жариялады

    Егер айналаңыздағы адамдарда аптап ыстықтың өтіп кетуіне байланысты әдеттен тыс белгілер пайда болса, мысалы, ес-түсінен айырылу, ақылдан азу сияқты симптомдар байқалса, шұғыл жедел жәрдем медициналық көмекке жүгіну қажет.

    Сараптамаға сәйкес, өткен жылы аномальды ыстық температура Еуропада 60 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Бұл бұрынғы болжамнан үш есе көп көрсеткіш.

    Бір алаңдатарлығы, ғаламшарымызда жаһандық ыстық үдерісі жалғасып жатқандықтан, бұл сандар жылдан-жылға артуы мүмкін.

    Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймақтық бюросы аптап ыстықтан сақтану үшін келесі ұсыныстарды жариялады.

    Аномал температура байқалған кезеңде ыстық елдерге саяхат жасаудан алдын ауа райы болжамын біліп, сақтық шараларын сақтау қажет.

    Ыстықта әрқашан салқын суды өзіңізбен бірге алып жүруді ұмытпаңыз. Қажет болмаса, жоғары температура кезінде көшеге шықпау керек және ауыр физиологиялық жұмыстармен айналыспау қажет.

    Мұндай жағдайда балалар мен жануарларды көлікте қалдыру дұрыс емес. Мүмкіндігінше күндіз кем дегенде екі-үш сағат салқын жерде уақыт өткізген мақұл.

    Түнде бөлменің терезелерін ашып, күндізгі уақытта күн сәулесін қайтару үшін перделер тұту және ыстық күндері өзінен ыстық шығаратын электр құрылғыларын мүмкіндігінше аз пайдаланған жөн.

    Ағзаның сусыздануын болдырмау үшін күніне жеткілікті сұйықтық ішу өте маңызды.

    Сондай-ақ мамандар жеңіл табиғи матадан тігілген, кең киім киюді, салқын душ немесе ваннаны мүмкіндігінше жиі қабылдауды және қантты, алкогольді немесе кофеинді сусындардан бас тартуды ұсынады.

    Көп уақытты жалғыз өткізетін жақын адамдарыңыздың, достарыңыз бен көршілеріңіздің денсаулығын үнемі бақылауды ұмытпайық. Өйткені ыстық күндерде көмекке мұқтаж адамдарға көмек қажет болуы мүмкін. Анномаль температура әсерінен өзіңіз немесе жақындарыңызда бас айналу, жүрек айнуы, әлсіздік, бас ауруы сияқты белгілер байқалса, дәрігерге қаралыңыз.