Осы күндері республиканың көтеген аумағында ауа температурасы 43–45°С-қа,
ал оңтүстік және шөлейт аймақтарда 46–49°С-қа дейін көтерілді.
Ауа температурасы Өзбекстан аумағында
метеорологиялық бақылаулар жүргізілген кезеңдегі ең жоғары көрсеткіштерге
барынша жақындады.
Республиканың бірқатар өңірлерінде жаңа
температуралық рекордтар тіркелді.
Ташкент қаласында ең жоғары ауа температурасы
19 шілде, жексенбі күні 44,3°С болды. Бұл көрсеткіш елордада 1997
жылғы 18 шілдеде тіркелген абсолюттік максимумнан небәрі 0,3°С-қа
төмен.
Ал Ферғана аңғарындағы облыс орталықтарында
осы күндері ең жоғары температура бойынша рекордтар 2–3 рет жаңартылды.
Бұл күндердегі экстремалды аптап ыстық термиялық
депрессияның әсерінен қалыптасады. Мұндай
жағдайда Иран аумағының үстінде тропосфераның жоғарғы қабатында қуатты жоғары
қысым жотасы түзіліп, оның құрамында өте ыстық ауа массасы айналып тұрады.
Осы жоғары қысым жотасы солтүстік-шығысқа
қарай жылжыған сайын, ыстық ауа күмбез секілді Орталық Азия елдерінің аумағын
біртіндеп қамтиды. Соның салдарынан бұлттылық күрт азайып, күн радиациясы
күшейеді. Жер бетінің қатты қызуы нәтижесінде ауа температурасы төтенше жоғары
деңгейге дейін көтеріледі.