АҚШ-тың «стратосфера қамалы» деген атаумен танымал Boeing B-52  стратегиялық бомбалаушы ұшағы 15 маусым, дүйсенбі күні Лос-Анджелестің солтүстігінде апатқа ұшырады. Бұл туралы АҚШ Әуе күштерінің “Эдвардс” базасы басшылығының баспасөз мәлімдемесінде хабарланды. Ұшақ бортында сегіз адам болған. «Алдын ала есептеулер бойынша, аман қалу мүмкіндігі болмаған», – делінген мәлімдемеде.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 11:20-да, ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған. Төтенше жағдай қызметтері оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр және қайғылы оқиғаның себептерін анықтау бойынша тергеу істері жүргізілуде, деп хабарлады dw.com.DW.com.

B-52 бомбалаушысы қырғи-қабақ соғыс кезеңінің басында жасалған

B-52 бомбалаушы ұшағы 1950-жылдары АҚШ пен КСРО арасындағы қырғи-қабақ соғыс күшейген кезеңде жасалған. Ұшақ ядролық бомбаларды тасымалдауға қабілетті.

CNN телеарнасының хабарлауынша, B-52 ұшағына қатысты соңғы ірі апат 2008 жылы Тынық мұхитындағы Гуама аралының маңында болған. Сол кезде АҚШ армиясының алты қызметкері қаза тапқан.