Президентке халықты әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат берілді

    Мемлекет басшысына табысы төмен отбасыларды қолдау, мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қызметтердің ауқымы мен түрлерін кеңейту жөніндегі жоспарлар туралы ақпарат берілді.

    Өзбекстанда көмекке мұқтаж жандарға ерекше көңіл бөлініп, оларға материалдық және рухани қолдау көрсетілуде. «Кедейліктен кемелдікке» бағдарламасы аясында мұндай отбасыларға еңбек, білім беру, денсаулық сақтау секілді салаларда жан-жақты көмек көрсетіліп келеді.

    Сонымен қатар, бұл үздіксіз жүретін кең көлемді үдеріс болғандықтан, жүйелі жетілдіруді талап етеді. Атап айтқанда, табысы төмен отбасыларды әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай үш санат бойынша қолдау ұсынылып отыр.

    Қазіргі таңда мұндай отбасыларға 100-ден астам әлеуметтік қызмет, көмек және жеңілдіктер ұсынылады. Оларды «Кедей отбасылар реестріне» енгізу тәртібі заңнамалық деңгейде бекітіледі. Әрбір отбасы үшін кедейліктен шығу жоспары жасалып, нақты бағытталған қызмет пен көмек көрсетіледі. Сонымен бірге, оларды жұмыспен қамтуға кедергі келтіретін факторлар жойылып, тұрақты табыс табуына мүмкіндік жасалады.

    Мұқтаж отбасылардың балалары мектептегі ұзартылған күн топтары үшін төлемнен босатылады, үздік оқитындар жазғы лагерьлерде тегін демала алады. Ал озат студент қыздарға негізгі стипендияның екі еселенген мөлшерінде арнайы шәкіртақы төленеді.

    Тұсаукересде мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту шаралары жайлы да ақпарат берілді.

    Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа қабылдаған жағдайда салықтық жеңілдіктер алады. Мұндай қызметкерлер үшін әлеуметтік салық мөлшерлемесі төмендетіледі, ал кәсіпкерлерге Мемлекеттік әлеуметтік қорғау қоры есебінен 500 миллион сумға дейін субсидия беріледі.

    Сондай-ақ, электронды сауда алаңдары арқылы мүгедектігі бар азаматтардың өнімдері мен қызметтерін сатып алу көлемі артады. Олар үшін техникумдарда инклюзивті білім беру топтары ашылып, кәсіптік дағдылар үйретіледі.

    Күтімді қажет ететін азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің көлемі мен түрлерін кеңейту мақсатында «Белсенді өмірге қадам» бағдарламасы енгізіледі. Бұл жандарға күндізгі қатынау арқылы немесе үй жағдайында қарау, тұрмыстық істерге көмектесу, қозғалыс белсенділігін қалпына келтіру, аурулардың алдын алу секілді медициналық-әлеуметтік қызметтер жолға қойылады.

    Мемлекет басшысы ұсынылған бастамаларды қолдап, оларды жүйелі түрде іске асыру және орындалуын бақылау бойынша нақты тапсырмалар берді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates