Мемлекет басшысы кәсіптік оқыту жүйесі бойынша таныстырылымға қатысты

    Билік 4 Oktabr 2023 4727

    4 қазанда Президент Шавкат Мирзиёев кәсіптік оқыту сапасын арттыру және халыққа кәсіптік білім беру бойынша жаңа бастамалардың таныстырылымына қатысты.

    Экономикалық дамуда кәсіби білімнің алатын орны ерекше. Атап айтқанда, дамыған елдердегі оқушылардың 75 пайызға дейіні кәсіптік біліммен қамтылған.

    Бұл сала Өзбекстанда да еңбек нарығының талабына сай дамып келеді. Орта буын мамандары негізінен екі бағытта – Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің кәсіптік-техникалық училищелері мен техникумдары және Кедейлікті азайту және жұмыспен қамту министрлігіне қарасты моноорталықтарда дайындалуда.

    Бүгінгі таңда 689 кәсіптік оқу орнында 714 кәсіп пен мамандық оқытылады және 20 «Ишга Мархамат» моноорталықтарында 54 кәсіп пен 6 шет тілі оқытылуда.

    Оқушыларға бір уақытта оқуға және табыс табуға мүмкіндік беретін «дуальды оқыту» түрі енгізілді. Осы жүйенің нәтижесінде 2 мың кәсіпорынмен бірге 6 мың қыз-жігіттер білім алуда. Сондай-ақ жастарға 9-сыныптан кейін өнер-кәсіптік мектеп, 11-сыныптан кейін колледж бен техникумда түрлі мамандықтар оқытылады.

    Бұл ретте салада белгілі бір олқылықтар бар. Кейбір білім беру бағдарламалары өмір талабымен байланысты емес. Кәсіптік білім беру мектеп оқушыларды жұмылдыруға қауқарсыз. Соның салдарынан қолда бар қуаттар толық пайдаланылмай тұр.

    Моноорталықтар орта буын кадрларының қажеттілігін толық қанағаттандыра алмай тұр. Түлектер біліктілік алмағандықтан қосымша емтихан тапсыруда. Сыртқы еңбек көші-қоны агенттігі мен кәсіптік білім арасында ынтымақтастық жоқ. Шет тілдерін оқыту және растау құжаттарын беру жұмыстары жеткіліксіз.

    Осы кемшіліктерді жою және кәсіптік оқыту сапасын арттыру мақсатында тиісті министрліктер тарапынан жаңа ұсыныстар әзірленді. Бүгінгі презентацияда шенеуніктер осыған байланысты жан-жақты ақпарат берді.

    Бұл ұсыныстар шетелдік білім беру бағдарламаларын енгізуді, түлектердің біліктілігін ішкі және сыртқы нарықта тануды қамтамасыз етуді, оқушыларды колледждер мен техникумдарға кеңінен тартуды, моноорталықтарда кәсіптік оқыту сапасын арттыру шараларын көздейді.

    Мемлекет басшысы бұл ұсыныстарды жетілдіру бойынша қосымша тапсырмалар берді. Халықты жұмыспен қамту ең маңызды мәселе екені, жастарға аудандардың мамандануы мен нақты бағыттар бойынша кәсіпорындардың қажеттілігіне қарай мамандықтар оқытылуы тиіс екені баса айтылды.

    Кәсіптер мен кәсіптік білім классификацияларын кезең-кезеңімен жаңартып, халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, кәсіптік білім беру мекемелерін мектеп және жоғары оқу орындарымен байланыстыру маңызды екені айтылды. Жоғары білім, ғылым және инновация министрлігі барлық кәсіптік білім беру мекемелерін бір жүйе ретінде үйлестіретіні белгіленді.

    Келесі оқу жылынан бастап әр өңірде әлем мойындаған бағдарлама негізінде кәсіптік оқыту қолға алынбақ. Олардың түлектері халықаралық біліктілік пен шет тілі сертификатына ие болады. Сондай-ақ кәсіптік білім беру және кәсіптік оқыту сапасын арттырудың критерийлері қолданылады.

    Моноорталықтарда жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша мамандықтар оқытылады, бұл түлектердің жұмысқа орналасуының маңызды факторы болып табылады.

    Шенеуніктерге кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың жыл сайынғы бағдарламасын әзірлеу міндеті жүктелді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates