Министрлер Кабинетінің 2025 жылғы 29 июльдегі тиісті қаулысымен «Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігі жүйесіндегі демалыс орындарына демалушыларды қабылдау тәртібі туралы» Ереже бекітілді.
Осыған орай, министрлік жүйесіндегі демалыс орындарына министрлік жүйесі қызметкерлері, сонымен қатар педагог кадрлар мен мемлекеттік жалпы білім беретін ұйымдардың (7-14 жас) дарынды жастарын қабылдау тәртібі белгіленді.
Демалыс орындарында:
министрлік жүйесінің қызметкерлері мен озат педагогтар үшін – сентябрь және май айларында;
дарынды оқушылар үшін – июнь, август айларында 12 күндік демалыс белгіленді.
Жолдамалар іріктеу өлшемдері негізінде бөлінеді және ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген министрлік жүйесіндегі қызмеркерлері, педагог кадрлар мен дарынды оқушыларға бірізділікпен тегін жолдама беріледі.
Демалыс орындарында дем алушылар озық педагогтар төмендегі өлшемдер негізінде таңдап алынады:
халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындаған мұғалімдер;
оқытушы болып жұмыс істейтін халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары;
шет тілдері және STEAM пәндерінен мамандығы бойынша халықаралық сертификаттары бар мұғалімдер (TESOL Level 5, SEFR B2, IELTS 6 және одан жоғары, сондай-ақ министрлік тарапынан белгіленген басқа да сертификаттар);
негізгі олимпиадалардың республикалық кезеңінің жеңімпаздарын дайындаған мұғалімдер;
республикалық басқыштағы конкурстық-байқауда лайықты орын алған мұғалімдер;
жоғары және біліктілік санаты бар бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары;
негізгі олимпиадалардың облыстық басқышының жеңімпаздарын дайындаған ұстаздар.
Демалыс орындарда демалушы дарынды оқушылар (7-14 жас) төмендегі өлшемдер негізінде таңдалады:
негізгі олимпиаданың үшінші және төртінші басқыштарында пәндік кесімінде 1-, 2-, 3- орындарға ие болған оқушылар;
аймақтық халықаралық олимпиада жеңімпаздары;
беделді халықаралық олимпиадаларға қатысқан оқушылар;
халықаралық байқаулардың, фестивальдердің және жарыстардың жеңімпаздары;
республикалық деңгейдегі ұйымдар тарапынан ұйымдастырған түрлі байқаулар мен жарыстардың республикалық басқышының жеңімпаздары.
Демалыс орындарында:
рухани-ағартушылық, ойын-сауық, денсаулық сақтау, спорт, білім беру және ғылыми зерттеулер бағыттарында;
дарынды оқушылардың туризм, спорт, технология, кітап оқу, мәдениет және өнер бағытындағы қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.





