Алдағы айларда әлемде экстрималды ауа райы байқалады

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кезекті мәлімдемесі алдағы айларда әлемде болуы мүмкін ыстық ауа райының, су тасқыны мен дауылдың болжамына арналды.

    “Дүйсенбі күні планетамыз бойынша рекорд деңгейдегі ең ыстық күн тіркелді,” — дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейюс: — Яғни, 3 июль санасында Жердегі орташа температура Цельсий шкаласы бойынша 17 градустан асты.

    Бұл — осы бағыттағы бақылаулар басталған 1979 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

    Алдағы айларда бірқатар экстрималды ауа-райының қолайсыз оқиғаларына тап болуымыз мүмкін. Құрғақшылық, су тасқыны мен дауыл, ыстық толқындар осылар қатарында.

    Мәлімдемеде айтылуынша, Африка құрлығының солтүстік-шығысында орналасқан кейбір елдердегі ұзаққа созылған құрғақшылықтың қазірдің өзінде ашаршылық, миграция және жұқпалы ауруларды тудырған және бұл жағдайдың денсаулық сақтау мекемелеріне шамадан тыс жүк болуда.

    Сонымен қатар, қазіргі уақытта жеті елде – Жибути, Эфиопия, Кения, Сомали, Оңтүстік Судан, Судан Республикасы және Угандада 60 миллионға жуық адам азық-түлік тапшылығынан зардап шегуде.

    Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым алдағы бес жылда ғаламдық температура рекордтық деңгейге жетуі мүмкін екенін ескерткен болатын.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates