Кения Денсаулық сақтау министрлігінің 17 қазанда хабарлауынша, вирусты жаңадан жұқтырғандардың арасында Эбола ауруынан қайтыс болған алғашқы науқастың жақын туысы, сондай-ақ оған ауруханада медициналық көмек көрсеткен үш медицина қызметкері бар.

Бұл туралы Кения Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау мәселелері бойынша бас директоры Патрик Амоттың мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлады Kazinform.

Елде аурудың халық арасында таралуына жол бермеу мақсатында алдын алу шаралары күшейтіліп жатыр.

Еске салайық, Кенияда Эбола ауруынан қайтыс болған алғашқы науқас Конго Демократиялық Республикасында тұрған осы елдің азаматы болған. Қазіргі уақытта Конго Демократиялық Республикасының шығыс бөлігінде аурудың бұрын-соңды болмаған ауқымдағы өршуі жалғасып жатыр.