Кейбір балабақшаларға баланы 2 жастан бастап қабылдауға рұқсат беріледі

    Білім 11 Mart 2022 321

    Жарлыққа сәйкес, әйелдерге дизайн, тоқымашылық, ақпараттық технологиялар, желілік экономика, маркетинг және басқа да сұранысқа ие білім беру салаларында әйелдерді оқытатын жеке университет ашылады.

    Жыл сайын март айында практикалық инновациялық жобалар бойынша «Ғалым әйел» байқауы өткізіледі.

    Комитет жанынан «Ғалым әйелдер қоғамы» құрылып, әйелдерді іс жүзінде қолдау және ынталандыру үшін 50 миллиард сум бөлінеді.

    Ауылдық жерлердегі әйелдерді кәсіпке оқыту, оларды кәсіпкерлікке тарту және жұмыспен қамту мақсатында 2023 жылдан бастап беймемлекеттік ұйымдарға БЕМ-нің 7000 еселенген мөлшеріне дейін гранттар бөлінеді.

    Мемлекеттік басқару академиясында басшы әйелдерді оқытуда арнайы оқу курстары ұйымдастырылып, жыл сайын кемінде 100 әйел оқытылады.

    2024 жылғы 1 январьға дейін барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жарғысында мемлекеттік үлесі 50% және одан да көп ұйымдар және олардың жүйесіндегі ұйымдар басшыларының кемінде 1 орынбасары әйелдер арасынан тағайындалатын болады.

    2022 жылы «Отбасылық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында әйелдердің бизнес жобаларын қаржыландыруға қосымша 1 триллион сум бөлінеді.

    2022 жылдың 1 апрелінен бастап:

    — кәсіпкерлікті енді бастаған әйелдерге берілетін субсидия көлемі 7 миллион сумнан 10 миллион сумға дейін көбейтіледі;

    — “Ҳунарманд” бірлестігінің жанындағы қолөнер шеберлері орталықтарында кемінде 40 пайыз кәсіпкер әйелдер жасаған бұйымдар орналастырады.

    — 2022 жылы субсидиялардың кем дегенде 40 пайызы әйелдерге бағытталады;

    —жалға алынған үйде жасайтын, «Әйелдер дәптеріне» енгізілген мұқтаж әйелдерге жалдау ақысының 50 пайызы, ең көбімен 500 мың сумға дейін өтемақы беріледі.

    2022 жылдың 1 апрелінен бастап:

    - асыраушысынан айырылған әйелдердің:

    балалары мемлекеттік балабақшаларға төленетін ата-аналар төлемінен босатылады;

    3 жасқа дейінгі балаларға үшін беймемлекеттік бақшаларға бюджеттен субсидия бөлінеді.

    — толық қуатпен жұмыс істемейтін мемлекеттік балабақшаларға 2 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды ақылы қызмет түрінде қабылдауға рұқсат етіледі;

    - кешкі ауысымда істейтін әйелдер кәсіпорын немесе ұйымдар өз жанынан балабақша ұйымдастырғанда, оларда істейтін тәрбиешілердің еңбекақысы бюджеттен төленеді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates