Қаулыға орай , «Шағын бизнесті үздіксіз қолдап-қуаттау» кешенді бағдарламасы аясында төмендегі механизмдер іс жүзіне енгізілетін болады:

бiр жоба шеңберiнде 300 миллион сумға дейiнгi шағын несиелер бөлу, соның 100 миллион сум кепілсіз бөлігі «Кәсiпкерлiктi дамыту компаниясы» АҚ-ның қаржысы есебінен, 200 миллион сумға дейiнгі бөлігі банктер мен микроқаржы ұйымдарының өз қаражаты есебінен бөлу;

кепілсіз бөлінген 100 миллион сум шеңберін.де шағын несиелер бойынша несие тәуекелшілікті мемлекет пен микронесие берушілер арасында бөлу немесе олар бойынша Компанияның портфельдік кепілдігін беру;

 

шағын несие берушілер өз қаражаты есебінен бөлген 100 миллион сумға дейінгі кепілсіз микрокредиттерді қайта қаржыландыру жүйесіне көшу.

Бағдарлама шеңберінде 100 миллион сумға дейін келілсіз шағын несиелер:

- кемінде бір жыл жұмыс істейтін және оң несиелік тарихы бар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бөлінеді;

- 2024 жылдың 1 ноябрінен бастап шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген және жұмыс істейтін аумақтың санатына орай, Компания тарапынан шағын несие берушілерге төмендегі ставкаларда қайта қаржыландырылады:

▫️ 5-санат үшін - 12,5 пайыз;

▫️ 4-санат үшін - 13,5 пайыз;

▫️ 3-санат үшін – 14,5 пайыз;

▫️2-санат үшін – 17,0 пайыз;

▫️1-санат үшін - 18,0 пайыз;