Бұл туралы
Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Білім беру несиесін қаржыландыру
қоры хабарлады.
Айтылуынша, қазіргі
уақытта білім беру несиелері 12 коммерциялық банк арқылы берілуде. Президенттің
2021 жылғы 30 шілдедегі ПҚ-52-санды қаулысына орай құрылған қор аталған несиелерді қаржыландыру үшін
банктерге ресурстық қаражаттарды орналастырып келеді.
Әдетте білім
беру несиелері Орталық банктің негізгі мөлшерлемесі бойынша рәсімделеді. Алайда
студенттер мен білім алушылардың кейбір санаттары үшін несие бойынша пайыздық
төлемдерді қор өз есебінен өтейді. Соның нәтижесінде олар пайызсыз білім беру
несиесін алу мүмкіндігіне ие болады.
Пайызсыз білім беру несиесі төмендегі санаттарға
беріледі:
республикадағы мемлекеттік,
жекеменшік және шетелдік жоғары оқу орындарында, сондай-ақ кәсіптік білім беру
ұйымдарында күндізгі бөлімде келісімшарт негізінде білім алып жатқан
қыз-келіншектерге;
Қарақалпақстан Республикасындағы
жалпы орта, орта арнаулы және кәсіптік білім беру мекемелерін тәмамдап, облыстардағы
мемлекеттік жоғары оқу орындарына қосымша қабылдау квоталары негізінде оқуға
түскен жастарға;
«Кембағал отбасылар тізіліміне»
енгізілген отбасылардың балаларына, егер олардың оқу үлгерімі 70 пайыздан
жоғары немесе GPA көрсеткіші 3,5 және одан жоғары болса;
мерзімді әскери қызметті өтеу
кезеңінде жоғары оқу орындарына ақылы-келісімшарт негізінде оқуға қабылданған
сарбаздарға.
Мамандардың
айтуынша, аталған жеңілдіктер жастардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және
әлеуметтік қолдауға мұқтаж халық топтарына көмек көрсетуге қызмет етеді.