Енгізілген қосымшаларға орай , Кодекстің 73-бабының 4-бөлігінде көрсетілген тұлғаларға (өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға қатысты емес) бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу кезеңінде тағайындалған жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін.
Мұнда сотталған адамның рухани-ақылақтық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған, белгіленген тәртіппен бекітілген әдебиеттер тізіміне енгізілген кітаптарды оқығаны расталуы тиіс.
Жаза мерзімі әрбір оқылған кітап үшін 3 күнге, алайда бір жыл ішінде ең көбі 30 күнге дейін Қысқартылады.
Кітапты оқығаны туралы фактты анықтау оның жазаны орындау мекемесінің әкімшілігіне берген өтініші негізінде, жазаны орындау мекемесінің қызметкерлері мен қоғам өкілдерінен құралған комиссия арқылы анықталады.
Комиссия жиналысы жылына кемінде екі рет өткізіледі.
Емтихан нәтижелері бойынша комиссия сотталған адамның кітап оқығанын растау немесе растамау туралы қорытынды қабылдайды.
Қорытындының көшірме нұсқасы прокурорға жіберіледі, сотталғанға қол қойдырып тапсырылады, сондай-ақ қорғаушысына оның сұрауы бойынша беріледі.
Егер сотталғанның кітап оқығаны расталса, мекеме әкімшілігі сотқа сотталғанның түзелу жолына түскеніне байланысты жаза мерзімін қысқарту туралы ұсыныс жолдайды.
Сотталғанның жаза мерзімін қысқарту мәселесі сот тәртібімен жүзеге асырылады.