Жылжымайтын мүлікке болған құқықтарды қорғау күшейтіледі

    Сенаттың отыз үшінші жалпы мәжілісінде «Жылжымайтын мүлікке болған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы» Заңды сенаторлар талқылады.

    Тәуелсіздік жылдарында халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету және кәсіпкерлік қызметке қолайлы жағдай жасау мақсатында жылжымайтын мүлікке болған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден өткізу саласында бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттардың қабылданғаны белгілі.

    Бірақ бүгінге дейін, жылжымайтын мүлікке болған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден өткізуге байланысты қатынастар түрлі күшке ие болған нормативтік-құқықтық құжаттармен реттелген. Олардың шашыраңқы болуы, сонымен бірге нормалардың сәйкес келмеуі саланы реттеуге кері әсерін көрсетті.

    Сол себепті азаматтар мен кәсіпкерлердің жылжымайтын мүлікке болған құқықтарын қорғауды күшейтіп, сенімді қорғау кепілдіктерін қамтамасыз ету дәуірдің өзі талап етуде.

    Осы мәселелердің шешімі ретінде «Жылжымайтын мүлікке болған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы» Заң дайындалды.

    Онда жылжымайтын мүліктің түрлері, олардың құқықтары мен шектеулері, мемлекеттік тіркеуден өткізудің кезектілігі, жер учаскелеріне құқықты мемлекеттік тіркеуден өткізу және одан бас тарту, дауларды сотқа дейін шешу, басқа да салаларға қатысты барлық қатынастарды заңды түрде шешу көрсетілген.

    Заң бар проблемаларды жойып қана қоймай, азаматтар мен кәсіпкерлердің жылжымайтын мүлікке болған құқықтарын қорғауды күшейтеді және сенімді қорғайтын, ең бастысы, тікелей әсер ететін құқықтық құжат болып табылады.

    Заңның қабылдануы нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке болған құқықтарына мемлекет тарапынан кепілдік артады.

    Меншік иелері құқықтарының сенімді қорғалуы қамтамасыз етілген. Жылжымайтын мүлікке қатысты даулар сотқа дейін шешіліп, жеке меншікке деген көзқарас өзгеріп, экономикаға инвестиция тартылып, экономика тұрақты дамиды.

    Талқылау соңында Заңды сенаторлар мақұлдады.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates