Колледждер мен техникумдарға түсу емтихандарының соңғы нәтижелері жарияланды

    Білім 3 Oktabr 2023 1833

    Үміткерлер байқауы нәтижелерін my.uzbmb.uz сайты арқылы жеке кабинетінен біле алады.

    2023 жылдың 26-30 сентябрь күндері 2023/2024 оқу жылына кәсіптік оқу орындарына (колледждер мен техникумдарға) кіру тест сынақтары өткізілді.

    Бұл ретте, талапкерлердің тест сынақта жинақтаған балдары текст сынақ өткен күннің ертеңіне my.uzbmb.uz сайтында жарияланды.

    Кәсіптік оқу орындарына түсу тест сынақтары бойынша соңғы байқау нәтижелері жарияланды. Бұл туралы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Үміткерлер байқау нәтижелерін my.uzbmb.uz сайты арқылы жеке кабинетінен біле алады.

    Ескерту: тест сынақтың нәтижесінен қанағаттанбаған талапкерлер екі күн ішінде (3-4 октябрь күндері) кәсіптік білім беру орындарында құрылған апелляциялық комиссияға апелляциялық шағым беруге құқылы.