баннер
21 Mar 2025
20:50

    Президент ішімдік су, жылу жүйесі және ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде жиын өткізді

    17 наурыз күні Президент Шавкат Мирзиёев халықтың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында ауыз су және кәріз жүйесі, жылумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы мен махаллаларды абаттандыру мәселелеріне арналған видеоселекторлық жиын өткізді.

    Халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін осындай жұмыстардың ауқымы кеңейіп келеді. Биыл ел аумағында 1 619 шақырым ауыз су құбыры, 521 шақырым кәріз желілері тартылып, жүйедегі 162 нысан салынып, қайта жаңғыртылады. Бұл 715 мың тұрғынды алғаш рет таза ауыз сумен қамтамасыз етіп, 135 мың үйді кәріз жүйесіне қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 157 мың тұтынушыға заманауи есептегіштер орнатылады.

    Жақында Мемлекет басшысының Францияға мемлекеттік сапар аясында Сұрхандария және Қашқадария облыстарында ауыз су жүйесін жақсарту мақсатында 340 млн еуро көлеміндегі 3 жоба бойынша келісім жасалды. Оның ішінде, Францияның «Suez» компаниясы «Денав», «Шурчи», «Сариосиё» және «Қумқорғон» аудандарында ауыз су жүйесін жекеменшік басқаруға алады. Нәтижесінде бұл өңірде орталықтандырылған ауыз су жүйесінің қамтылу деңгейі 90 пайызға жетеді деп күтілуде.

    Сонымен қатар, кәріз жүйесінің дамуы құрылыс, өнеркәсіп және қызмет көрсету секторларының өсуіне ықпал етеді. Бұл салаға мемлекеттен жыл сайын триллиондаған қаржы бөлінгенімен, тек бюджетке тәуелді болып қалмай, жеке секторды кеңінен тарту қажеттігі атап өтілді.

    Мәселен, жергілікті кәсіпкер Азия даму банкімен бірлесе отырып Алмалық, Бекабад, Ангрен және Шыршық қалаларында кәріз тазарту нысандарын салып жатыр. Тағы бір кәсіпкер Әндіжанда 2 ауданның су және кәріз жүйесін жеке басқаруға алу бастамасын көтерді.

    Осы сияқты жеке серіктестік жобаларын көбейту және ірі кәсіпорындарымыздың халықаралық тендерлерге қатысу мүмкіндігін кеңейту маңызды екені атап өтілді.

    Халықаралық қаржы институттары қатысатын жобаларды іске асыру процесін оңайлату туралы шешім қабылданды. Жыл соңына дейін 850 млн доллар көлеміндегі жобаларды жүзеге асыру тапсырылды.

    Тағы бір маңызды міндет – саланы цифрландыру. Бұл мақсатта Азия даму банкінен 125 миллион доллар тарту көзделген. 5 жыл ішінде ірі су нысандары мен магистральдық құбырларға 4 800 «ақылды» есептегіш және 2 800 телеметрия жүйесін орнату жоспарланған.

    Электротехника өнеркәсібі үшін бұл үлкен нарық екені айтылып, есептегіштер өндірісін арттыру және оларды қызмет көрсетуді кезең-кезеңімен жеке секторға беру жөнінде тапсырма берілді.

    Жылумен қамту табиғи газ ең көп тұтынылатын салалардың бірі. Осы себепті 11 наурыз күні бұл саланы түбегейлі реформалау және энергия тиімділігін арттыру бойынша Президент қаулысы қабылданды. Қаулыға сәйкес, «Жылумен қамту» компаниясы құрылып, өңірлердегі 23 кәсіпорын оның құрамына берілді. Алдағы 5 жыл ішінде жылу жүйелерін жаңғыртуға 19 триллион сум бөлінеді. Орталықтандырылған жылу жүйесінің қамтылу деңгейі 37 пайыздан 58 пайызға дейін артады.

    Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігіне көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандарда энергия тиімділігін арттыру бойынша тапсырма берілді. Белгіленгендей, 9 мың тұрғын үй мен ғимарат жабық жылыту жүйесіне көшіріледі. Нәтижесінде жылу шығыны 2 есе, газ тұтыну 20 пайызға азаяды.

    Жиында көктемгі егіс жұмыстарына да тоқталып, әкімдіктердің қорында тұрған жерлерді бөлуді жеңілдету шаралары белгіленді.


    Енді ауыл шаруашылығы жерлерін аукцион арқылы бөліп төлеу шартымен сату тоқтатылады. Аукционда сатылмаған жердің құны келесі саудада күн сайын 10 пайызға төмендетіледі. Қайталама аукционда бір ғана қатысушы болса да, жеңімпаз деп танылады. Жердің 10-20 пайызы мал азығын егу үшін бөлінеді.

    Қазіргі таңда 93 мыңнан астам фермердің қызметі кәсіпкерлік рейтингі арқылы бағалануда. Енді бұл рейтинг өнімділік, жұмысшылар саны, өнім көлемі сияқты көрсеткіштер бойынша жеке бағаланатыны белгілі болды.

    Жоғары рейтингке ие фермерлер үшін несие қайтарылмау қаупін сақтандыру талабы алынып тасталады. Жер салығы 3 есе, фермерлер кеңесіне төленетін жарна 2 есеге азайтылады. Мақта мен бидайдан белгіленген мөлшерден көп өнім алғандарға 25 пайызға дейінгі жерінде мал азығы, көкөніс, бұршақты және басқа да дақылдарды ауыспалы егіс жүйесімен егуге рұқсат беріледі.

    Президенттің арнайы тапсырмасымен жарияланған маңызды бір айлық науқан аясында ауылдық жерлерде жүргізіліп жатқан егіншілік және абаттандыру жұмыстары туралы ақпарат берілді.

    Көктемде 125 миллион түп көшет отырғызу жоспарланған. Бұл ретте егістік алқаптарын дұрыс таңдау және суару жүйесін жақсарту маңызды екені айтылды. Әсіресе, су тапшылығы бар аудандарда геомембрана жабыны бар су қоймалары салынады.

    Өткен жылы 208 ауылда «махалла-сервис» компаниялары құрылып, тұрғындарға 23 түрлі қызмет көрсетіле бастаған болатын. Енді бұл жүйе кеңейтіліп, қосымша 1 мың осындай компания құрылады. Қызмет түрлері де 30-ға дейін ұлғайтылады. Қытай тәжірибесі негізінде 5 мың адам махаллаға қызмет көрсету саласы бойынша оқытылып, 15 мың адамның жұмыспен қамтылуы қамтамасыз етіледі.

    Осы жылдан бастап 208 аудан мен қаладағы абаттандыру бөлімдерінің құрамында ішкі жолдарды күтіп-ұстау учаскелері құрылды. Бұл мақсатта 5 түрлі арнайы техника сатып алуға 700 миллиард сум бөлінді. Сала мамандарына ішкі жолдарды жөндеу, махаллаларды энергиямен қамтамасыз ету сапасын арттыру бойынша тапсырмалар берілді.

    Жиында Премьер-Министрдің орынбасарлары, министрлер мен әкімдердің есебі тыңдалды.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech