Конституцияға енгізілген ұсыныстардың қорытындысы бойынша кеңес өтті

    Билік 6 Mart 2023 6579

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 6 наурызда Олий Мажлис Заң шығару палатасының депутаттары және Сенат мүшелері, Жоғарғы сот басшылығымен кездесті.

    Кездесуде Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге қатысты халықтан келіп түскен ұсыныстардың қорытындылары талқыланды.

    Депутаттар халық тарапынан жолданған 200 мыңнан астам ұсыныстың әрқайсысын мұқият зерделеп, онда халықаралық тәжірибені ескерілді және түрлі сала мамандары мен сарапшылары тартылды.

    Бірнеше айға созылған зерттеулердің нәтижесінде Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Конституциялық заңның соңғы жобасы дайындалды.

    Аталған заң жобасы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мемлекеттік басқару салаларындағы өте маңызды өзгерістерді көрсететіндіктен, заң жобасын референдумға шығарар алдында депутаттар Өзбекстан Республикасы Конституциясының 83-бабында айқындалған заң бастамасы бар субъектілермен консультациялар өткізуде.

    Парламент пен үкімет, қоғам өкілдері заң жобасы бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін білдіруде.

    Сондай-ақ бұл заң жобасы Конституциялық сот тарапынан жеке қаралып, қорытынды берілетіні айтылды.

    Консультациялар жалғасады.