Кореямен сауда-экономикалық ынтымақтастық одан әрі дамытылады

    Бизнес 29 Dekabr 2022 1591

    Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің бірінші орынбасары Лазиз Қудратов басшылығындағы Өзбекстан Республикасының жұмысшы тобы Корея Республикасына сапармен барды.

    Сапар аясында Кореяның Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігімен, Экономика және қаржы министрлігімен, Эксимбанк басшылығымен кездесулер, сондай-ақ Кореяның жетекші компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел сұхбаты жекелеген екіжақты келіссөздер жүргізілді.

    «Ересектерге арналған көп салалы емхана салу», «Медициналық университет құру», «Онкологиялық диспансер салу» сондай-ақ «Tashkent Pharma Park» фармацевтикалық кластерін құру» сияқты ірі біріккен жобаларды іске асыруды жеделдету мәселелері туралы келісілді.

    Корея Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – экономика және қаржы министрі Чу Кюнг Хоның 2023 жылдың басында Өзбекстанға сапарын ұйымдастыру бойынша келісімге қол жеткізілді.

    Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігімен Бағалы металдар мен қатты қорытпалар бойынша Өзбекстан-Корея технологиялық орталығын құру жобасының екінші басқышын жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Осы мақсаттар үшін Корея тарапы Өзбекстанда сирек кездесетін және түсті металдарды қазып алу мен өңдеуге Корея компанияларынан инвестиция тартуға бағытталған жаңа индустриялық жобаларды дамытуға 12 миллион доллар көлемінде қосымша грант бөлуде.

    Сондай-ақ Корея тарапы өзбек жүзімі мен бақша өнімдерін Корея базарына жеткізуге фитосанитарлық рұқсат беруге дайын екенін білдірді. Бүгінге дейін Корея 43 түрдегі өзбек жеміс-жидектері мен көкөністерді жеткізуге рұқсат берді.

    23 компания өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде және G2B форматындағы кездесулерде энергетика және инфрақұрылымды дамыту саласындағы Daewoo Engineering and Construction, химия өнеркәсібіндегі Hanwha Corporation, DL E&C компаниясы сумен қамтамасы ету бойынша, SH Energy & Chemical мен электромобильдер үшін қуаттандыру құрылғыларды шығаруда, сондай-ақ, Samsung Madison ва I-Sense компанияларымен медициналық қондырғылар шығаруды жергіліктендіру бойынша біріккен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Арнайы тәртіпте банк-қаржы секторындағы ынтымақтастықты дамыту болашақтары қаралды, атап айтқанда, Өзбекстанда Kyongnam Bank филиалын ашу туралы келісімге қол жеткізілді.

    Сапар қорытындысы бойынша кореялық серіктестермен қол жеткізілген келісімдерді дер кезінде әрі сапалы жүзеге асыру бойынша «Жол картасы» бекітілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.